11 Сәуір 2024
А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында Балқаш қаласының туған күніне арналған «Туған қаламның сүйікті орындары» библио-такси өткізілді. Библио-такси маршруты кітапхананың қабырғасынан басталып, қаламыздың ең қызықты көшелерімен «жүріп», балаларға барлық маңызды жерлерді «аралатты». Жүргізуші қала тарихынан бастап оның мәдени мұрасы, оған берілген мәртебе туралы хабардар етіп, маңызды сәулет нысандары туралы мағлұмат берді. Балалар кітапхана сайтына саяхат жасады, 3D форматындағы қала ескерткіштерін тамашалады. Виртуалды «саяхаттың» арқасында балалар туған қаласының тарихы туралы білім көкжиегін кеңейтті.