07 Желтоқсан 2023
«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде». Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. 1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Осыған орай, С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «ЖИТС және тағы басқа туралы» ақпараттық пікіралмасу өтті. Шараға Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының Балқаш қалалық бөлімінің дәрігер-эпидемиологы А.Батырбекова спикер ретінде шақырылды. Кездесуге қатысқан студенттерге ЖИТС-тің адам өміріне зияны мен одан қорғанудың жолдары түсіндіріліп, қазіргі таңдағы азаматтар арасындағы басты мәселесі, ғасыр дертіне айналып отырғаны жайлы сұрақ-жауап форматында айтылып, шара қонағымыз жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.