"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

22 Қараша 2023

«Менің кітапханадағы алғашқы күнім» мектеп жасына дейінгі балалар күні


Мектепке дейінгі кезең – адам өміріндегі ең маңызды уақыт. Өйткені осы кезде баланың бойындағы табиғи бар дарындылық жан-жақты дами бастайды.
А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Менің кітапханадағы алғашқы күнім» атты мектеп жасына дейінгі балалар күні өтті. Кітапханаға келген «Балдырған» және «Жұлдыз» балабақшаларының кішкентай тәрбиеленушілері бүлдіршіндерге арналған әр түрлі қызықты кітаптармен танысты. Оларды оқу залында «Негештің жазығы» атты танымдық-ойын бағдарламасы күтіп тұрды, онда «Сиқырлы сандықтан» шыққан заттар бойынша қай ертегі екенін тауып, ертегілер әлеміне саяхат жасады. Кітапханадағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кездесу көңілді әрі қызықты өтті. Сонымен қатар, бүлдіршіндердің ата-аналарымен «Балаларға қандай кітап оқу керек және қалай оқу керек» тақырыбында әңгімелер жүргізіліп, кітапханаға қалай жазылу керектігі түсіндірілді, толық ақпарат алуға болатын флаерлер таратылды.
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика