Халықаралық студенттер күні - жастар үшін ең маңызды күндердің бірі болып саналады. Аталған мереке әлемдегі барлық студенттерді біріктіреді. С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері де осы мерекені атап өтуге атсалысып, жастарды біріктіруді ұйғарды және оларға «Студенттік тамаша уақыт» библиодивертисментке қатысуды ұсынды. Жастар ойын түрлеріне белсенді қатысып, әндер айтып, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, олардың назарына заманауи авторлардың шығармаларынан тұратын кітап көрмесі таныстырылды. Жарқын және жігерлі жастар бұл күнді біздің кітапханада достары мен пікірлестерінің ортасында өткізді, біз бұған өте қуаныштымыз!