"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

15 Қараша 2023

«Ұлттық валюта тарихынан» әңгіме сағаты


Еліміздің егемендігін білдіретін Ұлттық валюта – төл теңгемізге 30 жыл толып отыр. Мемлекетіміздің басты нышандарының бірі ретінде теңгенің қалыптасу тарихын зерделеу мақсатында №3 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен  М.Русаков атындағы №2 мектеп-интернатында  5 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттық валюта тарихынан» атты әңгіме сағаты өтті. Іс-шара басында оқырмандарға ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен, алғашқы банкноттар жайлы, теңгенің маңыздылығы кеңінен насихатталды. Бейнебаян арқылы төл теңгемізбен  монеталардың алғаш шығу тарихы және қазақтың бірінші банкноттары көрсетілді.  Шара соңында теңге жайлы сұрақ-жауаптар қойылып, кітап көрмесі таныстырылды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика