"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

15 Қараша 2023

Кітапхана - әлеміне саяхат


Кітап - адамның досы, ақылшысы, сырласы десек, кітапхана - сол рухани қазына кітаптардың тұрағы. «Кітап құпиялары» атты оқу-сауаттылық апталық аясында, қаламыздағы «Бөбек» бөбекжайының @bobek_balkhash №5 «Жасыл желек» ересектер тобы мен «Айгөлек» бөбекжайының №8 «Гүлдер» тобының тәрбиеленушілері  №2 кітапхана-филиалына қонаққа келіп қайтты.
Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа кітаптың берер тәрбиесі мол. «Табиғаттың тамаша сәті» атты кітап көрмесімен таныстырылып, бүлдіршіндерге «Дауысқа құлақ салайық» топтамасы бойынша «Орман үні» кітапшасынан жануарлардың үнін қасқыр, аю, жапалақ т.б. тыңдау арқылы бір - бірінен ажыратып үйренді.
Л.Қойбағарова, Н.Темірқұл, М.Бейбіт, А.Аргынбаева, А.Калысбаев өздері білетін басқа аңдар жайында айтып берді.
Қонаққа келген әр бала келешекте кітаппен дос бола отырып алғыр, білімді, зейінді боп өсері анық. Ендеше барша балаларды кітапханаға келіп, кітаппен дос болуға шақырамыз.

https://www.instagram.com/p/CzrA_ckIwbX/

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика