Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алған, әдебиеті мен мәдениетіне еңбегі сіңген ақиық ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай «Сұлу жырдың сұңқары» атты дәстүрлі Сәкен оқулары өтті.
Байқаудың талаптарына сәйкес С.Сейфуллиннің прозалық шығармаларынан үзінді, кез келген өлеңін немесе поэмаларынан үзіндіні креативті, мазмұнды бейнероликтің сүйемелдеуімен мәнерлеп жатқа оқу бойынша қатысушылар өз кезегімен өнерлерін ортаға салды.
Қазылар алқасының мүшелері – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, талантты ақын Н.Кәрім, Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығының «Қуыршақ» театрының жетекшісі М.Утенова, «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Б.Мухаметжанова үміткерлерді бағалап, байқаудың қорытындысын келесідей шығарды:
*Бас жүлде* - Таттибек Даяна, Б.Момышұлы ат.ЖББ мектеп оқушысы;
– Жарболов Темирлан, С.Сейфуллин ат. №7 мектеп-гимназия оқушысы;
– Түсенов Нұрдос, Ә.Мусин ат. БГТК студенті;
– Арманұлы Абылай, әл-Фараби ат. ЖББ мектеп оқушысы
Сонымен қатар, қатысушылар келесі аталымдарға ие болды:
*«Біртуар дарынның әдеби әлемі»* - Глиманова Аймерей, әл-Фараби ат. ЖББ мектеп оқушысы;
*«Көркем оқу шебері»* - Бүркітбай Нұрислам, Б.Момышұлы ат.ЖББ мектеп оқушысы;
*«Ең үздік бейнеролик»* - Саттибай Тогжан, №2 Абай ат. мектеп-лицей оқушысы