"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

06 Қазан 2023

«Алтын күз» іс-шарасы


Күз - табиғаттың ең керемет түстерімен боялған жылдың әдемі мезгілдерінің бірі. Бүгін, 6 қазан күні С.Сейфуллин ат. ОҚК мен А.Гайдар ат. ОҚБК кітапханашылары «Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы» ҚҰ-да «Алтын күз» айдарымен көшпелі іс-шарасын өткізді. Мұнда өтетін мерекелік шаралар әрқашан да ғажайыптар мен сиқырларға толы, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлайды. Балалар қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, жыл мезгілі мен табиғат құбылыстары туралы жұмбақтар шешті. Сонымен қатар, олар табиғатта болып жатқан өзгерістерді «Керемет уақыт» аппликациясын бірлесе жасап, көрсетті. Балалар күз әуендерін тыңдап, қандай құбылыс туралы екендігін оңай анықтай алды. Ұйым тәрбиеленушілерінің қуаныштан жарқыраған жүздері мен шынайы күлкілері кітапханашылар үшін үлкен марапат!!!
@obshestvo_invalidov_balkhash
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика