"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

04 Қазан 2023

«Қазақ прозасының пырағы» оқырмандар конференциясы


Бүкіл шығармашылығынан адамдықтың, адалдықтың самалы есіп тұратын, оқырманын қашанда әділдікке, парасаттылыққа, шынайылыққа жетелейтін, үнемі ақиқаттың жоқшысы болып жүретін, Франц Кафка атындағы Еуропалық алтын медальдің иегері, жазушы Төлен Әбдікұлының шығармашылығын насихаттау бойынша «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында С.Сейфуллин ат. орталық қалалық кітапханада «Қазақ прозасының пырағы» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Шараның шымылдығын «Балқаш қаласы мәдени-сауық орталығы» КМҚК «Қуыршақ» театрының жетекшісі М.Утенова қаламгердің «Біз үшеу едік» пьесасынан үзінді оқып, екі рольді (Дариға мен Мұрат) нақышына келтіріп сомдады.
Аталмыш шараға Абай ат. №2 мектеп-лицейінің психологы А.Төлетаева және 11 «А» сынып оқушылары А.Мұратқан, Ж.Бақтораз, З.Ақылбекова, Ә.Қайролла, С.Сейфуллин ат. №7 мектеп-гимназиясының ұстазы А.Батталова, 7 «Ә» сынып оқушылары А.Нұрғали, Н.Зарубек, Ә.Бөкейхан ат.мектеп-лицейінің 11 «Ә» сынып оқушысы А.Алтымбекова, әл-Фараби ат.ЖББ мектебінің ұстазы А.Скакова, 9-сынып оқушылары Д.Дауржанова, М.Мәуленқызы, Б.Бейсекова, А.Бүркітбайқызы, Б.Майленқұл қатысты. Жазушының алғашқы жарияланған әңгімелерінен, соңғы жазған романдарына дейін жұртшылықтың жүрегінен жол тауып, оқырмандардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Оқушылар жазушының «Оң қол», «Әке», «Көршілер» шығармаларына талдау жасап, өз ойларын ортаға салып, шығарманың негізгі идеясы, кейіпкерлердің болмысын аша білді. Республикалық акция аясында жыл бойы ұйымдастырылған іс-шараны қорытындылап, белсене қатысқан оқырмандар мен ұстаздарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика