30 Қыркүйек 2023
Халықаралық қарттар күні - бұл аталар мен апалардың мерекесі. Бұл - жан дүниенің жомарттығы мен адамдық даналықтың, азаматтықтың кемел шағына құрмет. Қарттар күніне орай №3 кітапхана-филиалында «Қарияға құрмет -мұсылмандық асыл міндет» атты іс-шара өткізілді. Мерекелік бас қосуға кітапханамыздың қадірлі оқырмандары қатысты. Қонақтарымыз өздерінің өмір жолдары мен еңбектері, адамгершілік пен мейірімділік, ізденіс пен білімділік туралы сағыныш жылдарына бой алдырған сырлармен емен жарқын өз ойларымен бөлісті. «Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет» ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол. Ақыл-кеңестің үлгі - өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер!