"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

21 Қыркүйек 2023

Ө.М.Әбеуовтың туғанына 75 жыл толуына орай «Шеберлік пен шынайы талант иесі» өнер көрмесі


Бүгін С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, Балқаш қаласының Құрметті азаматы, қолөнер шебері Өміркелді Мұхтарұлы Әбеуовтың туғанына 75 жыл толуына орай «Шеберлік пен шынайы талант иесі» атты өнер көрмесі ұйымдастырылды. Келген оқырмандарға, студент жастарға суретшінің өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, көрмеге қойылған «Жыл мезгілдері», «Балалық шақ», «Әнші бала», «Ашу-ыза», «Ойтолғау», «Өкініш» туындылары жайлы кеңінен ақпарат берілді.
Суретші Ө.Әбеуовтың ерекше жұмыстары облыстық, республикалық, бүкілодақтық көрмелерге қатысып, еліміздегі танымал музейлерге қойылған. Өміркелді Мұхтарұлының қайталанбас туындылары қаланың мекемелері мен ғимараттарының интерьерін безендіріп, өзіндік өрнегімен есте қалады. Солардың бірі ХХ ғасырдың 70-жылдары кітапханамыздағы «Жарыққа жол» атты гипстен ойып жасалған гравюрасы. Өміркелді Мұхтарұлын өзі таңдаған сара өнер - гобелен арқылы кеңінен танытып келе жатқан шынайы талант иесі ретінде танимыз. Автордың туындыларынан қазақтың ұлттық мінез - құлқы, дүниетанымы, Ұлы Дала рухы айқын сезіліп тұр.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика