15 Қыркүйек 2023
Отбасы - әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылық. Отбасында біз махаббатты, жауапкершілікті, қамқорлықты, құрметтеуді үйренеміз. Халқымызда «Отан - отбасынан басталады», дейді. Бұл қазақ қоғамындағы өзгермейтін, әбден қалыпқа түскен қағиданың бірі. Осыған орай С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Отбасы - бақыт мекені» атты кездесу өтті. Шараға қоғамдық өмірде белсенділікпен еселі еңбек еткен, отбасының берекесі мен ұйтқысы болған «Балқаш сазы» ардагерлер хорының мүшелері, зейнеткер аналарымыз Т.Қалибекова мен К.Тоғанбаева қатысты. Отбасы игілігін берекелі етіп жарастыруы, өнегелі істері мен қаламыздың қоғамдық шараларында белсенділік танытып жүрген өздерінің өмірлік жолы, отбасылық құндылықтар жайында сөз қозғады, жастарға тәрбиелік ақыл - кеңестер айтып, өмірлік жолдарына бағыт - бағдар берді. Студент жастар көкейкесті сұрақтарын қойып, белсенді қатысты.
https://www.facebook.com/cbsbalkhash/videos/1406413046953733