09 Қыркүйек 2023
Мемлекет басшының жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілген болатын. Отбасы - адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Осындай мерейлі мерекеде №5 кітапхана-филиалында балалар «Отбасым - алтын ұям» тақырыбында сурет салды. Әр баланың суреттерінен жанұяларының татулыған, бауырмалдығын көруге болады. Кейбір балалар өздерінің көп балалы отбасы екендігін мақтанышпен айтып, бір қағаз бетіне сыйдыра білді. Ерекше балалардыңда еңбегінен отбасына деген ерекше бір мейірімділікті, жылулықты байқауға болады.