05 Қыркүйек 2023
5 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай "Кітапқұмар балалар" үйірмесі аясында №4 «Сырлас» кітапхана-филиалында «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» атты танымдық сағаты өтті. Шара барысында оқушылар тіл туралы мақал-мәтелдері мен жасырылған жұмбақтарға жарыса жауап берді. Оқырмандар қазақ ойшылдарының, ғұлама-ғалымдардың шығармаларынан тіл туралы дәйексөздер келтіре отырып, өз ойларын ортаға салды. Өткізілген викторина сұрақтары оқушылардың ой-өрісін дамытуға септігін тигізіп, білімдерін толықтырды. Соңында кітапханашы өз ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіріп, оның адам өміріндегі маңызын туралы айтып өтті. Балаларға терең біліммен қатар, саналы тәрбие беретін кітапхана ордасында тілге деген құрмет, патриоттық бағыттағы тәрбиелік шаралар жалғасын таба бермек.