05 Қыркүйек 2023
№5 кітапхана-филиалында «Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ тілі» атты оқырман конференциясы өтті. Іс-шара барысында араб әліпбиін қазақ тіліне икемдеп, қолданысқа енгізген ұлы ұстаз жайлы сөз қозғалды. Сол әліпби негізіне жарық шыққан «Әліппе» оқулығы талқыланды. Оқырмандар бірнеше викториалық сұрақтарға жауап беріп, тіл туралы мақал-мәтелдер айтып жарысты. Соңынан кітап көрмесімен танысты.