2017 жылдан бастап Қазақстан халқының тілдері күні қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде аталып келеді. Осыған орай А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында ұйымдастырылған іс-шараға оқырмандар бір жұдырықтай жұмыла қатысты.
Шара барысында кітапханашы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында қол жеткізген айтарлықтай жетістіктерге тоқталды, тіл тарихы жайлы бейнебаян көрсетілді. Шараны өткізу мақсаты жас ұрпаққа төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп кітап көрмесі арқылы көрсету болды.