"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

06 Мамыр 2023

«Балаларға соғыс туралы оқимыз» акциясы


А. Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының қызметкерлері балалар мен өскелең ұрпаққа соғыс жылдарының қатал да қиын кезеңінен сыр шертіп, сұрапыл майдандағы жерлестеріміздің көрсеткен батырлығы мен тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерін  ерекше  дәріптеуге бағытталған «Балаларға соғыс туралы оқимыз»  патриоттық акциясын өткізді. Нон-стоп режимінде өткен акция барысында күні бойы сұрапыл соғыс жылдарынан естелік болған және соғыстан кейінгі  кезеңдерде жарық көрген өлеңдер оқылып, әндер шырқалды, соғыс кезеңдерін бейнелейтін бейнероликтер көрсетіліп, Ұлы Отан соғысы туралы шығармалардан үзінділер оқылды. Жан қияр ерліктің, еңселі елдіктің рухын өрлеткен, Жеңіс даңқын асқақтатқан «Ерліктің мәңгі алауы» атты тарихи калейдоскоп өту барысында Балқаш көпсалалы колледжі тарих пәнінің оқытушысы М. Ж. Мұстафина балаларға соғыстың қатал тарихын, Отан үшін от кешіп, жанкештілікпен қорғаған батыр бабаларымыздың ерен ерлігі хақында біраз мағлұматтар берді. 
 "Мәңгілік алау" ескерткіші жанында "Соғыс туралы өлеңдер оқимыз" акциясы жалғасын тапты. Акция қатысушылары Ұлы Отан соғысы  тұсындағы талай ақын-жыршылар шығармашылығына арқау болған соғыс туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды,  қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика