"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

05 Мамыр 2023

«Соғыстың ащы ақиқаты» әскери-тарихи композиция


Жеңіс күні - ұрпақ есінде мәңгі сақталатын ата-бабаның ерлік істері үшін елді мақтаныш сезімімен біріктіретін мереке. Ұлы Жеңістің 78 жылдығын атап өту қарсаңында С.Сейфуллин ат.ОҚК мен А.Гайдар ат.ОҚБК ұйымдастыруымен «Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінде «Соғыстың ащы ақиқаты» атты әскери-тарихи композиция өтті.

Кітапханашылар М.Узбаева мен А.Иксанова балаларға Ұлы Отан соғысының батырлары мен олардың ерліктері туралы айтып, қойылған сұрақтарға қатысушылар қуана жауап берді. Қоғам мүшелері үлкен қызығушылықпен соғыстан кейінгі жылдардың атмосферасынан әсер алды.

Балаларға «Әлем ағашы» коллаж жасау ұсынылды. Ағаш - бұл өмір, шежіре, ұрпақ сабақтастығы. Сұрапыл майдандағы үрейді жеңу, қан кешіп, Отанын қорғауға аттанған әр жауынгердің дін-аман, жеңістің жалауын желбіретіп, өз үйіне, еліне оралуына күш-жігер сыйлаған, Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігі.

Құрметті жауынгер-ардагерлер, тыл еңбеккерлері, біз сіздерге бүгінгі бейбіт күніміз бен ашық аспанымыз үшін, басымызды иіп, тағзым етеміз! Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен жанқияр ерліктеріңізді ұрпақтарыңыз ешқашан ұмытпайды! Біз мұны білеміз, жадымызда мәңгі сақтап, ерекше мақтан тұтамыз!

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика