"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

17 Ақпан 2023

«Бір ел – бір кітап-2023» республикалық акциясы


Жазушы, драматург Төлен Әбдік есімі оқырмандарға жақсы таныс.
«Бір ел – бір кітап-2023» республикалық акциясы аясында қазақ прозасы мен драматургиясында ерекше қолтаңбасы бар көрнекті жазушы, драматург, ¬Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Төлен Әбдіктің шығармаларын оқу ұсынылды. Жазушы шығармаларын насихаттау мақсатында №4 «Сырлас» кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен Балқаш қаласы ЖББ №5 мектебінің кітапханасында 9 «Ә» сынып оқушылармен «Төлен Әбдікұлы-шебер суреткер» атты әдеби сағат өтті. Шара барысында 9 сынып оқушылары Виликисова Ақбота, Қымран Нұрбине, Абельдинова Дильназ, Аманбекова Лунара, Азаматқызы Шырын Төлен Әбдікұлының қаламынан туған дүниелерінің ішінде ерекше назар аудартатын, бітім-болмысы басқаша суреттелетін «Оң қол» әңгімесіндегі мейірімділік, жалғыздық, адам психологиясы секілді ауыр тақырыптарды қозғап, өз ойларымен және алған әсерлерімен бөлісті. Әңгіме адам жанының сан алуан екенін көрсетеді. Бұл шығарма - дүниетанымыңды кеңейтуге таптырмас құрал. Шара соңында мектеп кітапханашысы Махашова Көптілеу Шойынбайқызы оқушыларға жазушының «Әке», «Ақиқат», «Көкжиек» повестері мен «Қонақтар», «Өліара», «Парасат майданы» шығармаларын оқуға кеңес берді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика