"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

26 Ақпан 2023

«Жүз жыл жырлаған жүрек» әдеби - лото


«ЖҮЗ ЖЫЛ ЖЫРЛАҒАН ЖҮРЕК» ӘДЕБИ - ЛОТО
----------------------------------- Жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанған, қазақ халық поэзиясының атасы жүз жасаған әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы, ақын - Жамбыл Жабаевтың туған күнінет орай кітапханамызда:«ЖҮЗ ЖЫЛ ЖЫРЛАҒАН ЖҮРЕК» атты ӘДЕБИ - ЛОТО өткізілді. Бұл танымдық ойын қазақ әдебиетіне қызығатын оқырмандарға арналған. Ойын түрінде өткізілген әдеби – лотода қатысушылар өз білімдерін тексеріп қана қоймай, сонымен қатар ақынның өлең-жырларын оқып, өмірінен қызықты ақпарат алғандарына сенімдіміз.
--------------------------------------
Іс –шарамыздың спикері Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының @7mektepgimnazia қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Шәрбекова Гулбаһрам Қайроллақызы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай келе, ақынның таңдамалы туындылары халыққа кең таралуының мәні және оның өміршеңдігінің сыры неде екенін әңгімелеп берді. «ЖҮЗ ЖЫЛ ЖЫРЛАҒАН ЖҮРЕК» атты ӘДЕБИ - ЛОТО ойынына қатысушылар екі топқа бөлініп, бірнеше кезеңнен тұратын тапсырмаларға жауап берді. Гулбаһрам Қайроллақызы ойынның әділ өтіуіне, оқушылардың жауаптарына баға беріп әділ қазылық жасады.
--------------------------------------
Әдеби лото ойынына қатысып, Өз білімдерін жетілдіріп, шыңдай түскен «Арғымақ» және «Білімділер» тобының мүшелеріне: Бақытқали Әлфараби
Есберген Айару
Кашкенбаева Зарина
Шүленбек Әкежан
Жазбек Әділет
Райымқұл Ажар
Көктаев Нурасыл
Колбаев Бағдаулет
Мұрат Тәңірхан алғысымыз шексіз. Достық жеңді .
--------------------------------------
«Жамбыл жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол əлеуметтік жəне жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі», — деп толғанған екен кезінде даңқты жазушы Сəбит Мұқанов.
Бұл сөздер – ақын өмірі мен шығармашылығына, оның ғасыр жасаған, ерлікке толы поэзиясына берілген əділ баға, біздер үшін мəн-мағынасын ешқашан жоймайтын құнды деректер. Бұл мəліметтер Жамбыл бабамыздың кейінгі ұрпақ үшін тек танымдық дүние, аңсап, сусап оқитын, тəлімдік, тəрбиелік мəні зор өнегесі, біздерге қалдырған өлшеусіз ғибраты. Ұрпақтары барда ұлы ақын жыры ғасырдан ғасырға жасай береді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика