"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

21 Қыркүйек 2022

«Ана - өмірдің ажары» атты кездесу


Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау - Ана. Оның қадірі мен қасиетін түсініп білу мүмкін емес. Қыркүйек айының үшінші жексенбісінде Аналар күні аталып өтті. Анаға құрмет жылдың қай мезгілі болмасын жалғаса бермек. Осыған орай С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Ана - өмірдің ажары» атты кездесуге спикер ретінде Балқаш қаласының Құрметті азаматы, Аналар кеңесінің төрайымы, қалалық білім саласы ардагерлерінің төрағасы, ардагер-ұстаз Сыздыкова Шайзада Рыскуловна қатысып, өсиетті әңгімесімен бөлісті. Мемлекеттік қызметте болып, зейнеткерлікке шыққан ана өзінің тәжірибесімен, отбасылық өмір мен қоғамдық жұмыстарды қатар алып жүрудің қыр-сыры, ұрпақ тәрбиесі жайлы сырлы сұхбат берді. Аналар кеңесінің қоғамда әйелдер ісін көтеру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарына тоқталды. «Балқаш сазы» ардагерлер хорының әжелері ән-жырларымен шараның сәнін келтірді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика