"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

16 Қыркүйек 2022

«Ұлтым деп өткен ұлы тұлға» оқырмандар конференциясы


«Ұлтым деп өткен ұлы тұлға» оқырмандар конференциясы
Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, халқын алға жетелеуге ұмтылып, санасын оятқан Алаштың рухани көсемі – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай С.Сейфуллин ат. Орталық қалалық кітапханада «Ұлтым деп өткен ұлы тұлға» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияның шымылдығы режиссер Мұрат Есжанның 2021 жылы түсірілген «Ахмет. Ұлт ұстазы» атты тұңғыш сериалының көрсетілімімен ашылды.
Аталмыш шараға Абай ат. №2 мектеп-лицейі, С.Сейфуллин ат. №7 мектеп-гимназиясы, әл-Фараби ат.ЖББ мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Рухани шара барысында баяндаушылар: Қ.Қабылғазы «Қазақ әліпбиінің атасы», Қ.Абзалбек «Ахмет Байтұрсынұлының тіл мұрасы», Ж.Қуанышбек «Абайтанудың алғашқы баспалдағы», З.Жумадилова «Ұлты ұлықтаған ұлы тұлға» өз баяндамасында заманымыздың заңғар тұлғасының өмірі мен шығармашылығына тоқталып бейнекөрсетілімін, Абай ат. №2 мектеп-лицейінің оқушылары И.В.Крыловтан аударған «Қарға мен түлкі» мысалын сахналық көрінісі ұсынылды. Олар қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған ақынның сыр сандығына үңіліп, сарқылмас дариясын терең аша білді.
Конференция соңында ұлы тұлғаның шығармалары мен мысалдары жан-жақты талқыланып, саралану арқылы оқырмандар өзіндік ой түйіп және жыл бойы ұйымдастырылған іс-шараны қорытындылап белсене қатысқан оқырмандар мен ұстаздарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика