"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

24 Мамыр 2022

«Аймақ ақпаратына 90 жыл!» атты кездесу-сұхбаты


Өлкедегі өзіндік өрелі тарихы бар, бағыт - бағдары айқындалған, қалың оқырманы қалыптасқан, беделді басылымдардың бірі, өңірімізді ақпарат нәрімен сусындатып отырған киелі орда «Балқаш өңірі» газетіне 90 жыл!
Бірнеше буын өкілдері еңбек етіп, ұрпақтар сабақтастығына негізделген шығармашылық үрдіс бүгінгі таңға дейін қарқынды жұмысын тоқтатқан емес. Осы орайда, С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Аймақ ақпаратына 90 жыл!» атты кездесу-сұхбаты өтті. Кездесуге аталмыш газет ордасында еңбек еткен және бүгінгі таңдағы жұмысын өрге жүргізіп отырған «Балқаш өңірі» газетінің бас редакторы, өлкемізге танымал ақын, журналист Қуаныш Аманқұлов, Балқаш қалалық «Қаламгер» әдеби қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ақын Жанболат Башарұлы, «Балқаш өңірі» газетінің және облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, 2016 жылы «Балқаш өңірі» газетінің уақытша міндетін атқарушы редакторы қызыметін атқарған Нұрдос Кәрім және аталмыш газеттің тілшісі Мақсат Әзибекұлы қатысты.
Кездесуде жергілікті тұрғындарды өлке жаңалықтарымен хабардар етіп жүрген «Балқаш өңірі» газетінің шежіреге толы өткені, үлкен үміт арқалаған бүгіні мен кестелі келешегі жайлы сөз қозғалды. Ақпараттар толассыз келіп жатқан кезеңде газеттің өзіндік құндылығын сақтап қалу мақсатында жүргізілуі керек жұмыстар талқыға салынды. Осы орайда, тілге тиек етіп отырған аталмыш газеттің шынар басынан, күні бүгінге дейін шыңы мен шыңырауында шыңдала түсіп, қала тұрғындарына қажетті ақпаратты жеткізе білген әрбір еңбегі сіңген жандарды 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық, жұмыстарына шығармашылық табыстар тілейміз. Қаламдарыңыз ұштала берсін!

https://www.youtube.com/watch?v=UcYY3Dc_8AQ

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика