"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

18 Мамыр 2022

«Гүлдер, гүлдер, әсем гүлдер» игі істер акциясы


Адамның табиғатсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Табиғатқа да әркез күтім керек. Сондықтан, экологиямызды таза ұстауды әркім өзінен бастағаны жөн. Жас ұрпақты табиғатты таза ұстап, қоршаған ортаға ұқыпты қарау арқылы қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысуға баулу мақсатында А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы «Шаг навстречу» адамгершілікке тәрбиелеу клубының жұмысы аясында табиғатты қорғауға бағытталған «Гүлдер, гүлдер, әсем гүлдер» тақырыбында №3 интернат тәрбиеленушілерімен игі істер акциясын өткізді.
Бұл акция - болашақтың жарқын болуына қосылған сүбелі үлес. Балалар акция барысында гүлзарлар отырғызуға көмектесіп, барлығы топтасып: барқытгүл, жұлдызгүл, шырайгүл т.б. гүлдерді отырғызды. Табиғаттың жас қорғаушылары ерекше акцияға қатысқандарын сезінді, өйткені гүлзарлар жаз бойы өз сұлулығымен оқырмандар мен қала тұрғындарын қуантатын болады. Акция соңында кітапханашылар өткізген шеберлік сағатында балалар  үлкен қызығушылықпен әдемі және таңғажайып гүлдер жасады.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика