"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

13 Мамыр 2022

Отбасы - бақыт мекені» атты кездесу


Отбасы - махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншілік орнаған орта. Кез келген өркениетті қоғам отбасы негізінен құрылады. Отбасының  дәулеттілігі - мемлекет дамуының өлшемі. Осындай қоғамдағы атқаратын рөлі орасан зор. Халықаралық отбасы күніне орай С.Сейфуллин атындағы Орталық  қалалық кітапханада «Отбасы - бақыт мекені» атты кездесу өтті.   
Кездесуге Молдахметовтар отбасы қатысты. Тұрымтай Кенжебайқызы - қаламыздағы «Балқаш сазы» ардагерлер хорының жетекшісі, жолдасы отбасының тірегі - Түленде Базарайұлы көпбалалы отбасыдан шыққан, әкесі соғыс ардагері. Бүгінгі таңда отбасылық құндылықтарын ұлықтап, салт-дәстүрді дәріптеуді отбасы тәрбиесінің алдыңғы орнына  қоятын  бұл отбасымен кездесу барысында өскелең ұрпақ жанұя құрудағы қиыншылықтарды қалай жеңуге болатыны, бала тәрбиесінде әке мен ананың орны, біздің дәстүріміздегі тәрбиелік ерекшеліктер сияқты тақырыптарда сөз қозғады. Осындай өнегелі отбасының ізін жалғаушы қонақтарымыз көрермендерді пайдалы ақпаратпен сусындандырып, таным-түсініктерін арттыра түсті. Қалай болғанда да, берік туыстық байланыс арқылы халқымыздың ең жақсы құндылықтары -сенімділік, еңбексүйгіштік, туған жерге деген сүйіспеншілік, үлкенге құрмет, қонақжайлылық, болашаққа деген ұмтылыс ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
Әр шаңырақта денсаулық, амандық және үлкен отбасылық бақыт болсын!

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика