"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

05 Мамыр 2022

«Орман жолдарының бойында» квест-ойыны


№2 кітапхана-филиалында «Орман жолдарының бойында» атты квест-ойыны өтті. Шараға Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін №16 мектебінің 7-сынып оқушылары қатысты.
Ойын 4 кезеңнен тұрды: қатысушылар кітапханада жасырынған тапсырмаларда тауып, сұрақтарға жауап беріп, екінші кезеңде кроссворд шешті. Қораптардағы әріптерден сөздер құрастырып, соңғы кезеңде жалпы экология тақырыбында сурет салды. Тартымды да қызықты өткен ойынға белсенді қатысқан  «Табиғат» тобы жеңімпаз атанды. «Желек» тобына аздап ширақтық жетпей қалды. Бірақ келесі жолы жеңетіндеріне сенімді.
Ойын қатысушылардың ой-өрісінің жан-жақты дамуына ықпал етіп, көптеген жағымды және қуанышты көңіл-күй сыйлады.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика