"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

06 Мамыр 2022

«Оқимыз! Білеміз! Есте сақтаймыз!» фотобайқауы


С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада 25 сәуірден 4 мамыр аралығында Ұлы Жеңіс күніне орай «Оқимыз! Білеміз! Есте сақтаймыз!» айдарымен онлайн - фотобайқауы ұйымдастырылды. Байқауға әр түрлі жас аралығындағы 17 оқырман қатысты. Олар байқаудың шарты бойынша соғыс тақырыбында өздеріне ұнайтын кез келген кітаппен суретке түсіп, сол кітап жайлы кішігірім ақпарат беруі тиіс болатын. Барлық ұсынылған жұмыстар ОКЖ-ның Facebook, Instаgram парақшаларында жарияланып, оқырманның назарына ұсынылды. Халықтың көңілінен шыққан жұмыстар ең көп пікір мен лүпіл санына қарап анықталды. Фотобайқауға қатысушылар өз жұмыстарымен соғыс тақырыбындағы әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша Қалиев Тимур жеңімпаз атанды (180 лүпіл). 2-орынды Шынат Күнсәуле (110 лүпіл), ал 3-орынды Битусупова Алина (104 лүпіл) иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломмен және сыйлық сертификаттарымен марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Тарих беттеріндегі Ұлы Жеңіс күн үшін халқымыздың жан аямай күрескен қасіретті жылдары жайлы әдебиеттерді бірге насихаттап, бірге оқиық!
Жеңістеріңіз құтты болсын!

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика