"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

22 Сәуір 2022

KITAPFEST


«Кітаптар адамзатқа қандай да бір мәселелерін ұмыттырып, автормен, басқа ғаламмен немесе мәдениетпен танысуға және сонымен бірге өз әлеміңізге терең енуге мүмкіндік беретін құрал болып табылады».
ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азуленің Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай жолдауынан.
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Кітап - ол өркениеттің тарихы туралы түсінік береді, адамзат жинаған барлық білім мен тәжірибені, сондай-ақ адамдарға қажет барлық үміттерді, арман мен мақсаттарды қамтиды.
Сәуірдің 22-сі күні С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада қоғамдағы кітап мәртебесінің маңыздылығын арттырып, түрлі санаттағы қала тұрғындарын кітап оқуға тарту барысында «KITAPFEST» кітап фестивалі ұйымдастырылды. Кітапхана қонақтарына әр түрлі залдар ұсынылды, онда қатысушылар өз білімдерін сынап, шығармашылық қабілеттерін ашып, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Қаттырақ сөйле, сен кітапханадасың!» атты библиосейшнде формуляр толтыру, пайдаланушыларға кітап беру, кітап көрмесін ұйымдастыру және т.б. шараларда жастар өздерін кітапханашы ретінде сезінуге мүмкіндік алды. «Әр өлеңі – бір әлем» атты поэзия алаңында поэзия сүйер қауым өлең оқып, сүйікті авторлары туралы білімдерін ортаға салды.
Балқаштықтардың білімі мен білгірліктерін сынау мақсатында өлкетану залында «Қазыналы балқаш» викторинасы, қала көшелерінде «Жүйрік кітап» акциясы өтті.
Кітапханамыздың оқу залында ең жас оқырмандарға арналып «Қуыршақ» театрының Ы.Алтынсарин шығармасы бойынша «Қарға мен түлкі» қойылымы көрсетілді.
Кіреберісте ұйымдастырылған «Жақсы кітап – жан азығы» буккроссингі көпшіліктің көңілінен шықты. Сондай-ақ, «Мен оқыған бір кітап» коворкинг орталығында пікірталас өтіп, шақырылған қонақтар – кикбоксингтен республикалық жарыстардың жеңімпазы Р.Лукьянчук, қала әкімі грантының иегері, болашақ кәсіпкер А.Сатенов, ЖББ №16 мектебінің оқушысы, корей тілін жетік меңгерген А.Амирова өздері оқыған кітаптар туралы өз пікірлерімен бөлісті. Селфиді жаны сүйетін жандар үшін фотоаймақтар ұйымдастырылды. Соңында барлық қатысушылар караоке алаңына жиналып, барлығына ұнайтын танымал әндерді шырқады.
«KITAPFEST» кітап фестивалі балқаштықтарға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды тосын сыйлар сыйлады. Бұл шарада кітап оқитын оқырманның басын қосып, үлкен көңіл күй мен қуаныш сыйлау, олардың көңілінен шығу біз үшін үлкен марапат.

https://www.youtube.com/watch?v=ii4gBXy9H6w

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика