"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

08 Сәуір 2022

«Тұғыры биік туған жер» өлкетану-интеллектуалдық ойыны


«Өскен ел тарихын таспен жазады, өшкен ел тарихын жаспен жазады» дегендей туған жері мен елі туралы білімін жетілдіріп, сол арқылы Отанын сүйген азаматтық рухты қалыптастыра білсек - бұл  еңбегіміздің жемісі болмақ. Осы орайда А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында өзінің кіші Отанының тарихын, табиғи және мәдени мұрасын зерттеуге және сақтауға балалардың назарын аударуға бағытталған, қаламыздың 85 жылдығына арналған «Тұғыры биік туған жер» тақырыбында зияткерлік ойыны өтті. Ойын «Пятеро на одного» теледидарлық ойын принципіне негізделген. Оған ЖББ №4 мектебінің  5-сынып оқушылары қатысып,  «Разминка», «Фотосұрақ», «Оқырманнан сұрақ», «Бейнесұрақ», «Мәрелік сұрақ» атауымен  алты раундтан тұратын сұрақтарға жауап берді. Әр мәселені талқылауға бір минут уақыт берілді, оның барысында балалар жауап беріп қана қоймай, оны дұрыс тұжырымдауы керек болды, бесінші раундта олар ұсынылған анаграммаларды шешті. Тақырыптың маңыздылығына қарамастан, ойын қызықты және тартымды өтті. Ойыншылар жақсы білім, эрудиция, тапқырлық көрсетіп,  қаланың география, тарихы саласындағы сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика