"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

30 Наурыз 2022

Балалардың жұлдызды кітап апталығы


Балалар кітабының апталығы – кітап оқитын барлық балалардың мерекесі, қуаныш пен сүйікті кітаптармен кездесу мерекесі. А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында оқушылардың кітап оқуға деген ынта-жігерін оятып, оқу мәдениетін жандандыру мақсатында балалардың жұлдызды кітап апталығы өтті. Апталықтың алғашқы, зияткерлік сейсенбі  күні жас ұрпаққа атадан балаға мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызды, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді жеткізу мақсатында «Алтын қақпа» ойыны желісімен «Ата-салтым – асыл қазынам» атты танымдық-зияткерлік ойынымен басталды. Қатысушылар алтын сандықты ашпас бұрын, алдыңғы кезеңдерден, яғни, тас қақпадан, күміс, алтын қақпадан өтіп, алтын сандық ашылу үшін әр кезеңнің  сұрақтарына жауап беріп,  сүрінбей өтті. «Дарабоз дарын иесі» атты әдеби сәрсенбі күнін қазақ халқының көрнекті ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арнап, кітапханашы қайраткердің өмірі мен шығармашылығына тоқталды, оқушылар ақынның өлең жолдарын оқыды, ақынның өмірі туралы бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар назарына презентация ұсынылды.  «Сен білесің бе?» атты ғажайып сұрақ-жауап ойыны «Негештің бейсенбі күні» деп аталды. Балалардың логикалық қабілеттерін тексеріп, ойын өткізді, «Жас зияткер» қызықты викторинасында білімдерін шыңдады. «Журналды орбита» аталған жұма күні балалар көптеген танымдық журналдардың жаңа айдарларымен танысып, жаңылтпаш, ребустар, жұмбақтар мен сөзжұмбақтар шешуден түрлі ойындарға қатысты.
Ертегіге толы сенбі күні ұйымдастырылған іс-шара барысында түрлі-түсті презентация, жұмбақтар, өлеңдер, викториналар К.Чуковскийдің керемет ертегі әлеміне енуге септігін тигізді. Іс-шараның маңызды құрамдас бөлігі оқырмандар сайысында балалар автордың өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарысып, ертегі кейіпкерлерін еске түсірді.
Балалар кітап апталығын қорытындылай келе, кітап оқу – өте пайдалы, жағымды, қызықты және көңілді іс екендігімен келісті.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика