"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

23 Наурыз 2022

«Жеті қазына» көрме - байқауы


Наурыз мейрамы - салт дәстүрімізді жаңғыртып, әдет-ғұрпымызды дәріптейтін ұлы күн. Сол бабалар дәстүрін жалғастырып, қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы маңызды түсініктердің бірі жеті қазынаны, оның ішінде ерте заманнан ер жігіттің сенімді серігі болған Балқаш өңірінің құмай тазыларымен таныстыру мақсатында «Жеті қазына» көрме - байқауы ұйымдастырылды. М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының сахнасында өткен шараға жаңа заман талабын ата-баба дәстүрімен ұштастырып жүрген итбегілер және олардың асыл тұқымды құмай тазылары, төбеттері қатысып, көрерменнің ерекше қызығушылығын тудырды.
Қаламызда асыл тұқымды иттерді асыраумен айналысатын тұрғындардың барлығы қуантады. Итбегілер Қ.Нұрпейісов, Ж.Сағынтай, Б.Ауесханов, Е.Шыныбеков, А.Абеуов, Н.Нұрғалиев, М.Мадибеков, Р.Мұхаметжан, Н.Қоразбаев өздерінің құмай тазыларын, ал Б.Рымқұл керемет үлкен төбетін таныстырды.
Қазылар алқасы, құрамында Балқаш қаласының ветеринария бөлімінің басшысы С.Б.Молдабеков, кәсіпкер, меценат және қоғам белсендісі Г.Т.Жакупов, Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері А.Маратұлы ақылдаса келе асыл тұқымды иттердің барлығы жеңіске лайық деп шешіп, қатысушыларға бірдей баға берді. Халқымыздың жеті қазынасынан айрықша орын алатын асыл тұқымды құмай тазылар мен төбеттердің иелері «Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика