"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

19 Наурыз 2022

«Туған жер бойынша саяхат әлемі» виртуалды экскурсия


Н.Гоголь атындағы ОӘҒК @karlib_kz ZOOM платформасында Балқаш қаласының 85 жылдығына орай Қарағанды қаласының Қ.Сәтбаев атындағы гимназияның 6-сынып оқушыларымен «Туған жер бойынша саяхат әлемі» атты виртуалды экскурсия ұйымдастырды. Бұл шараны С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхананың кітапханашылары жүргізді.
Сапар барысында оқушылар әсем қаламыз Балқаштың тарихи оқиғалары, оның құрылуы, көрнекті тұлғалардың есімдері жайлы ақпарат алды. Жасөспірімдер көлдің бірегейлігімен танысып, киелі орындардың бірі - таулары мен қызықты жер бедері бар Бектауата шатқалын тамашалады. Виртуалды саяхатымыздың соңында Балқаш өңірі туралы викторина сұрақтары қойылып, барлық қатысушылар белсене атсалысты.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика