"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

17 Наурыз 2022

«Наурызым - дәстүрлі ізгілігім!» концерттік бағдарлама


С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада төл мерекемізге орай «Наурызым – дәстүрлі ізгілігім!» атты концерттік бағдарлама өтті. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында тойланатын мерекенің сәнін кіргізіп, «Балқаш сазы» ардагерлер хоры «Құтты болсын, әз Наурыз» атты ән шашу шашты. Толғаулы тарих беттерінен сыр шертетін салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыздың сарқыты ретінде шашу шашылды. Артынша «Балқаш сазы» ардагерлер хорының мүшесі Сәдуақасова Күлән апамыз «Елім аман болсыншы» атты ән орындап, көрермендердің ұлтжандылық қасиеттерін оятып, жүрек қылын тербей түсті.
Салт-дәстүрге келгенде санасын қашанда сергек ұстаған ата-бабаларымыз бала дүниеге келген сәттен оның денінің сау, саналы болып өсуіне барын салған. Соның бірі бала жүруге енді талпынған кезде жасалатын «Тұсаукесер» рәсімі іс-шара барысында көрсетіліп, көрермендер арасына кеңінен насихатталды. Қазақтың төл тарихын би өнерімен астастырып шыққан Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің оқушысы Болат Еркеназ мың бұрала биледі. Қазақы нақыштағы отырыс соңы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға байланысты сұрақ-жауаппен жалғасып, көрермендердің білім көкжиектерін кеңіте түсті. Іс-шара соңы «Балқаш сазы» ардагерлер ұйымының ақсақалы бата беруімен аяқталды.
Тарихымызда алар орны ерекше әз Наурыз мерекесі баршаға бақыт, табыс, молшылық пен береке алып келсін. Мейрамдарыңызбен!

https://www.youtube.com/watch?v=GuDvOysgNd0

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика