"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

15 Ақпан 2022

«Ауғанстанның отты жылдары» кездесу


С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай, «Парасат жолы» аясында «Ауғанстанның отты жылдары» атты Ауған соғысының ардагері Қуанышбеков Марат Касымбекұлымен кездесу - сұхбат болып өтті.
Кітапхана жанынан құрылған «Кәусар» әдеби жастар клубының мүшелері көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, ардагер мен тәуелсіз ел ұландарының арасында сапалы сұхбат өрбіді. Жастар Марат Қасымбекұлының ерекше тебіреніспен еске алған оқиғаларын, патриотизмге үндеген әңгімелерін ұйып тыңдады.
Сонымен қатар, Ауғанстан соғысының шығу тарихы жайлы сыр шертетін бейнеролик көрсетілді.
Жас кездерінен өздеріне жүктелген міндетті бұлжытпай орындайтын, кешегі өжет ер - бүгінгі таңда, өзінен кейінгі ұрпаққа ақыл айтар - ел ағасы! Аман жүріңіздер, жауынгер ардагерлер.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика