"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

09 Ақпан 2022

«Жырлайды жүрек» әдеби – сазды кеші


«Жырлайды жүрек» әдеби – сазды кеші

   Бүгін ақиық ақын Мұқағали (Мұхаметқали) Сүлейменұлы Мақатаевтың  туған күніне орай С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Жырлайды жүрек» атты әдеби – сазды кеші өтті. Шарада өлеңдері лирикаға, ерекше сезім мен поэзияға жаны жақын әрбір жанның жүрегін селт еткізер, сыршыл сезімді бастан кешірер туындыларын «Кәусар» әдеби жастар клубының мүшелері тебірене оқыды.  Мұзбалақ ақынның сырға толы өмірі мен шығармашылығы, өскелең ұрпақтың өмір сүру барысына өзекті кеңестер беретін бірқатар өлеңдері көрермен жастар арасына кеңінен насихатталды. Бүгінгі таңда кез келген мерекенің сәнін келтіріп, кей бағытта тіпті сол отырыстың әнұранына айналған ақынның бірнеше әндерін Шашубай кентіндегі Мәдениет  үйінің өнерпаздары шырқады.
    Көрермендер ақын жайлы сұрақтарға жауап беріп,  білім көкжиектерін арттыра түсті. Сонымен қатар, ақынның өз дауысымен оқылған «Пай-пай, өмір» өлеңі ұсынылып, ақынның дауысы  жиналғандарды өзгеше  күйге енгізді.
  Өлең жолдарының шынайылыққа толы болғаны соншалық, осы кезге дейін бастан қанша дәуір өтсе де, дәл бүгінгі күнге арнап жазғандай әсер қалдырады. Ұлыларымызды ұлықтау, олардың шығармашылығын айна қатесіз келешек ұрпаққа табыстау – біздің кезек күттірмес парызымыз!

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика