"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

25 Қараша 2021

«Қажымұқан атамыздың ұрпақтары» кездесу


     ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Парасат жолы» орталығының жұмысы аясында №1 кітапхана-филиалында қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай «Қажымұқан атамыздың ұрпақтары» атты сыр сұхбат кездесу болып өтті. Ісшараға Қажымұқан атамыздың ізін жалғастырушылардың бірі -  жерлесіміз, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін «Сарыарқа Барысы - 2021» турнирінің жеңімпазы, қазақ күресінен облыс чемпионы, «Балқаш қалалық спорттық клубы» КМКК жаттықтырушысы Төлеутай Ерсін Серікболұлы және өзі жаттықтырып жүрген шәкірті, дзюдо, қазақ күресінен қала жеңімпазы Маралов Жансерікпен бірге  спикер ретінде шақырылды. Спортшылармен кездесуге Балқаш қаласы Ә.Мусин атындағы гуманитарлық-техникалық колледжінің дене тәрбиесінің мұғалімі Камбаров К.С. және ФК -21-9 тобының студенттері қатысты. Қатысушылар спикерге ұлттық құндылықтар қатарына кіретін ұлттық спортымыздың жастарды тәрбиелеудегі маңызы, жеңіске жету жолы және т.б. өздерін толғандырып жүрген сұрақтар қойды.Қазақтың атақты палуаны Қажымұқан атамыздай өмірін спортпен байланыстырған әрбір қазақстандық әрқашан биік шыңдарды бағындыруға ұмтылып, атамыздың атына сай болса дейміз.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика