"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

19 Қазан 2021

Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай ұйымдастырылған «Сұлу жырдың сұңқары» дәстүрлі онлайн-байқауының қорытындысы


С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақиық ақын, жазушы, қоғам және мемлекет  қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай, ақынның шығармашылығын насихаттау, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту, талантты жастарды қолдау мақсатында «Сұлу жырдың сұңқары» дәстүрлі онлайн-байқауын жариялаған болатын.
Байқауға Сәкен өмірінен, шығармашылығынан сахналық көрініс көрсету және Сәкеннің бір кітабына буктрейлер жасау секілді 2 түрлі аталым бойынша қатысушылардан жұмыстар келіп түсті.
Қазылар мүшелерінің құрамына кірген облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, талантты ақын Н.М.Кәрім, Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығының «Қуыршақ» театрының жетекшісі М.Н.Утенова, Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Б.К.Мухаметжанова үміткерлерден келген жұмыстарды қарастырып, байқаудың қорытындысын келесідей шығарды:
І дәрежелі Диплом - С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Зере Бағдат.
ІІ дәрежелі Диплом -  Балқаш гуманитралы-техникалық колледжінің студенттері Айнұр Қонысбай, Толғанай Сулембекова.
ІІІ дәрежелі Диплом - «Казақмыс Смэлтинг» ЖШС жұмыскері Ринат Рақыжан, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Мадина Байсеркина мен  кітапханашысы Мақпал Мұхамеджанова.
Барлық қатысушыларға дипломдар, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

https://www.youtube.com/watch?v=R85BQQYfBY4

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика