"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

16 Қазан 2021

«Абыз бен аңыз» кітабының тұсаукесері


    Бүгін С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өлке халқының ыстық ықыласына бөленіп жүрген ақын, ҚР Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі, Балқаш қалалық «Қаламгер» әдеби қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жазушы Жанболат Башарұлының «Абыз бен аңыз» кітабының тұсаукесері өтіп, кітапхана  қоры тағы бір құнды кітаппен толықты. 
    Шараның модераторы ретінде Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, белгілі өлкетанушы, бірнеше тарихи-этнографиялық танымдық кітаптардың авторы, ҚР Білім беру саласының озық қызметкері Мұқан Тұңғышбай Өміртайұлы  жүргізді. Сонымен бірге салтанатты жиынға  бүкіл саналы ғұмырын білім беру ісіне арнаған ұлағатты ұстаз, Қаз КСР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қазақстан Журналистер одағының және Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі Тілеуғалы Әміртайұлы қатысты. «Пульс» газетінің тілшісі Қуандық Сәденов, ақын Мөлдір Бөлекова және еңбек ардагері Қали Зиядаұлы, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, талантты ақын Нұрдос Кәрім, қалалық «Балқаш өңірі» газетінің бас редакторы Қуаныш Аманқұлов және танымал азаматтар мен азаматшалар келіп жылы лебіздерін білдірді. Бұл туындының болашақ ұрпаққа берер тәрбиесі мол, оқырмандардың сүйіп оқитын шығармасы болады деген сенімдеміз.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика