30 Қыркүйек 2021
Жарнама - ақпарат көзі, жарнама – ақпараттық-библиографиялық технологиялар, жарнама - баспа қызметі сияқты сұрақтар Балқаш ОКЖ кітапханашылары арасында тэйбл-talk (талқылау) форматында өткен «Кітапханалық жарнама - пікірлер тоғысы» атты семинарда қарастырылды. Модератор ретінде оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Айжан Камбаровна Арзымбетова жүргізді. Қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруда жарнама маңызды рөл атқарады. Біз қазірдің өзінде оқырмандарға жарнаманың әсері зор деп айта аламыз. Өйткені, жарнама арқылы кітапхана өз жұмысын кең аудиторияға ашып, көрсете алады. Кітапханалық жарнама - жаңа оқырмандарды тартудың бір әдісі. Мекеменің қызметі, құжаттық қорды толықтыру туралы жүйелі ақпарат оқырмандарда кітапхана қызметінің қолжетімділігіне деген сенімділікті дамытуға мүмкіндік береді. Жарнама қызметін ұйымдастыру кітапхана мамандарынан үнемі дамуды, кәсіби біліктілігін арттыруды және жаңа бағдарламалық құралдарды меңгеруді талап етеді.
Кітапханалар бар ресурстарды тиімді пайдалану үшін және олардың әлеуметтік қажеттіліктерін үнемі көрсету үшін жаңа бағыттарды іздеуі керек. Бұл сұрақта жарнама ықпал етеді, себебі оның қызметі ақпарат тарату мақсатында тұрақты байланыстарды сақтауға бағытталған коммуникацияға негізделген.