"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

24 Қыркүйек 2021

«Еңбек-ырыстың бұлағы, еңбек-бақыттың шырағы» атты тікелей эфир


   ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Еңбек күні қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтеді. Осынау атаулы күнге орай, С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Парасат жолы» орталығы аясында Балқаш қаласындағы «Балқашстоматология» тіс емханасының директоры Искаков Қаныш Мәдениетұлымен «Еңбек –ырыстың бұлағы, еңбек –бақыттың шырағы» атты тікелей эфир ұйымдастырылды. Еңбек деген ұлы сөздің құдіретін өнегелі өмір жолымен дәлелдеген тіс дәрігері сол жолда кездескен қиындық пен қарбаласқа толы сәттерінен сыр шертті. Тек ерінбей еңбек еткен адам түбінде өз мақсаттарына жететінін, еңбекқорлық, адал еңбекті бағалай білген адам ғана құрметке бөленіп, мол табысқа қол жеткізетінін айтып өтті. Мағыналы сұхбат барысында талай істің тамырын басып, халықтың ықыласына бөленіп жүрген Қаныш Мәдениетұлының жас ұрпаққа айтар ақыл-кеңесі де аз болған жоқ.

https://www.youtube.com/watch?v=gWxCVfkYWxo

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика