"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

28 Қыркүйек 2021

«Күніне жүз ойланып, мың толғанам, өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп...» онлайн-байқау


...Барым да, бақытым да осы өлеңім,

Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім.

Өмірге келгенім жоқ бостан - босқа,

Мен қайтып, босқа жасап, босқа өлемін...

Қасым Аманжолов

     Қасым ақынның өлеңi де, өзi де өлген жоқ. Өзi өлеңiмен, өлеңi өзiмен бiрге жасап келедi. Оның сыршыл, лептi, табиғи лирикасы қазақ қауымының жүрегiнiң түкпiрiнен шындап орын алды. Қалам мен қаруды қатар ұстаған дауылпаз ақынның туғанына биыл 110 жыл толып отыр.
     С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Күніне жүз ойланып, мың толғанам, өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп...» атты онлайн-байқау ұйымдастырылды. Ақынның шығармаларын көркем шеберлікпен оқыған қатысушы жастардың бейнероликтері әлеуметтік желілердегі ОКЖ-ның парақшаларында #онлайнбайқау2021, #қасымаманжолов110жыл, #БалқашОКЖ хэштэгтерімен жарияланып, тіркелушілеріміздің назарына ұсынылды.
     Бейнероликтерді қазылар мүшелері құрамында облысымызға белгілі ақын, сазгер, журналист Қ.М.Сәденов, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, талантты ақын Н.М.Кәрім және «Балқаш өңірі» газетінің бас редакторы Қ.С.Аманқұлов қарап шығып, әділ бағасын берді. Қазылар мүшелері ең бастысы, байқаудың ережесінде көрсетілген талаптарға сай Қ.Аманжоловтың өлеңдерін қатысушылардың мәнерлеп, жатқа айтуларына баса назар аударды.
     Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас Жүлдеге С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Мағжан Сағынтай ие болды. Жүлделі I-ші дәрежелі дипломмен С.Сейфуллин атындағы ОҚК кітапханашысы Гүлбағым Сапар, II-ші дәрежелі дипломмен ҚарМУ студенті Балнұр Хожагельдиева, III-ші дәрежелі дипломмен С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Төле Райс марапатталды.  «Әлеуметтік желіде ең көп дауыс жинаған» номинациясы бойынша Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті Аида Сайранова, «Үздік бейнеролик» номинациясын бойынша №16 ЖББ мектебінің ұстазы Асхат Игембеков, «Белсене қатысқаны үшін» номинациясы бойынша Ә.Мусин атындағы БГТК студенті Айсұлу Маратқызы танылып, басқа қатысушылар Алғыс хаттарға ие болды.
     Онлайн-байқаудың қорытындысы @balqashokj Instagram парақшасында тікелей эфирде жарияланды. Барлық санитарлық ережелерді сақтай отырып, кітапханада марапаттау рәсімі өтіп, қатысушыларға өз жүлделері табысталды.
Қасым поэзиясы сезiмiңдi тереңдетiп, мейiрiмiңдi молайтып, қиялыңа қанат қақтыратын, жаныңды шабыттандыратын, дауылды поэзиясымен ХХІ ғасыр ұрпақтарының жүрегінде мәңгілік із қалдырмақ..

https://www.youtube.com/watch?v=adYxxLwcLps

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика