"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

31 Шілде 2021

Как много скрыто в слове «Лето» ойын-сауық бағдарламасы


Көптеген жастағы адамдар үшін ең әдемі кез - жаз, ыстық күндерде табиғат жайнап, демалуға және көңіл көтеруге бос уақыт көп болып, балалар мен ересектер үшін демалыс маусымы басталады. Белгілі бір жағдайларға байланысты кейбір жандардың ұзақ сапарға бару мүмкіндігі болмаса да, туған қаламызда да демалуға орындар табылады - керемет көліміз бар, Балқаш өңірі бойынша саяхат жасап, достармен кездесіп, кітап оқып, ойнап, көңіл көтеруге болады Осы тамаша уақытта С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері «Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінде болып, оның мүшелеріне шағын ойын-сауық бағдарламасын дайындады. Біздің достар оған қуана қатысып, табиғатта болатын жазғы өзгерістер туралы білді, бос уақыттарында балалардың сүйікті және қызықты істерімен танысып, жыл мезгілдері туралы бейнероликтерді тамашалап, қағаздан жаз тақырыбында қолөнер бұйымдарын жасап, музыкалық үзілістерде көңіл көтерді. Біз жаздың тоқтамай, әрі қарай бізді керемет шуақты күндерімен қуантатынын қалаймыз!

https://www.youtube.com/watch?v=n_Fe_9i0R2I

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика