"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

07 Маусым 2021

"Имандылық, парасаттылық - тәрбие негізі" тікелей эфир


     Қоғам үшін әдептілік, адамгершілік, адалдық, жанашырлық, сенім, имандылық сияқты ұғымдар ерекше маңызды және құнды болып табылады. Адамның рухани-адамгершілік бағыттарын жоғалтуы дәстүрлі негіздердің жойылуымен және қоғам санасының төмендеуіне әкеледі. Бұған жол бермеу үшін сенім көп көмектеседі. Барлық дәстүрлі әлемдік діндер ұстамдылық пен мейірімділікке, жақынына сүйіспеншілікпен, сабырлық пен құрметпен қарауға үйретеді. Қазіргі уақытта жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуына діннің әсері қандай? Осы және басқа да сұрақтарға жауаптарды «Парасат жолы» орталығының жұмысы аясында тікелей эфирде өткен кездесуде Балқаш қаласының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығының теолог маманы Әбдіқадыр Давидұлы Сейтқали берді.
Кездесу басында Ә.Сейтқали өз кәсібіне қалай келгені, жұмысында қандай міндеттер қоятындығы туралы әңгімеледі. Кейін сұхбаттасушылар ұлттық құндылықтардың, дәстүр мен діннің жас ұрпақтың рухани-адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсері туралы, діни экстремизмнің қаупі, жастарды жалған діни көзқарастардан қалай қорғауға болатынын, деструктивті діни ағымдардың жетекшілері жеке тұлғаға әсер ету үшін теріс идеологияны насихаттайтын әлеуметтік желілер арқылы қолданатын алдау әдістері туралы әңгімеледі.
Сонымен қатар Ә.Сейтқали адамдар арасындағы келіспеушілік пен өзара түсініспеушілік мәселелері қоғамдағы бірлік пен келісімді бұзып, бейсаналық күйге және түрлі келеңсіздіктерге әкеліп соқтыратынына тоқталды.
     Кездесу соңында Әбдіқадыр Давидұлы барша қоғамның өзінде адалдық, имандылық, адамдарға деген мейірімділік пен сүйіспеншілік қасиеттерін сақтауға тырысуға шақырды.

 

https://www.youtube.com/watch?v=TD0l41X9UfE

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика