"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

28 Мамыр 2021

Областық байқаудың қорытындысы


     27 мамырда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жылдың үздік кітапханашысы - 2021» Қарағанды ​​облысының жас кітапханашылары арасында кәсіби шеберлік байқауының II кезеңі және қорытындысы шығарылды, ұйымдастырушы - Ж.Бектұров атындағы Қарағанды ​​облыстық жасөспірімдер кітапханасы, ал құрылтайшысы - Қарағанды ​​облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. Бірінші кезеңде қатысушылар конкурстық құжаттар пакетін - кітапханашы кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын көрсететін портфолио, «Тәуелсіз Қазақстанның кітапханашысы» тақырыбындағы эссе және қатысушының өзі өткізген патриоттық іс-шараның электронды презентациясын ұсынуы тиіс болды. Екінші қорытынды кезеңінде құжаттарды қарау нәтижелері бойынша кәсіби құзыреттілігі, коммуникативтік қабілеттері және кәсіби терминологияны  меңгеруі бағаланды. Облыс бойынша 26 қатысушыдан 8 жас кітапханашы екінші кезеңге өтті, олардың ішінде біздің қызметкерлер - С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Марина Ахмедовна Узбаева және А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Анна Евгеньевна Чабанюк болды. Міне, ҚУАНЫШТЫ жаңалық - М.А.Узбаева байқау жеңімпаздарының бірі атанып, ІІІ дәрежелі Диплом мен ақшалай сертификаттың иегері атанды, ал А.Е.Чабанюк байқауға қатысқаны үшін Грамотамен марапатталды.
     Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы Марина Ахмедовна мен Анна Евгеньевнаға шығармашылық табыс, кәсіби даму және толағай жеңістер тілейді!

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика