"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

26 Сәуір 2021

Құрметті достар!


     Сандық байланыс пен уақытқа қарамастан көптеген адамдар шынайы, ақылды, мейірімді кітаптарды оқуды қажет ететіндігіне сенімдіміз. Жас ерекшелігіне қарамай кітап сүйер жандар әдеби байлықтың көмегімен жеке жаңалықтар ашуға, жаңа сенімді білімдер алуға, сөз бен іске адал болуға үйренуге мүмкіндік алатынын бағалайды.
     Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай, «KITAP FEST» кітап фестивалі аясында әлеуметтік желі пайдаланушылары мен оқырмандар арасында «Мен оқыған бір кітап...» атты онлайн-эссе жазу байқауы жарияланған болатын және бүгін біз сіздерді оның нәтижелерімен таныстырамыз.
   Қазылар алқасы мүшелері (ақын, тілші, көптеген әдеби байқаулардың жеңімпазы Н.Кәрім, «Балқаш қаласының тілдер орталығы» КММ директоры Қ.Мәулетова, «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директорының орынбасары Б.Мұхаметжанова) байқау қатысушыларының 24 жұмысымен танысты. Шынында да, барлық конкурсанттар үшін кітаптар - нағыз достар, өмір тарихы, қызықты салыстырулар мен кейіпкерлер, басқа әлемдер, түрлі шытырман оқиғалар.
    Байқау болғандықтан қорытындысы мынадай: Олжас Павлик (Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей) және Ксения Овчинникова (№17 мектеп-лицей) байқау жеңімпаздары және І дәрежелі диплом иегерлері атанды. ІІ дәрежелі дипломға Тоғжан Енырбаева (№17 мектеп-лицей) және Аяна Тілек (С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия) ие болды.              ІІІ дәрежелі дипломдарды Анарбай Аққожа (зейнеткер), Сұлтан Өмірсерік (С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия), Аяжан Каркунова (№2 мектеп-лицей) бөлісті. Байқаудың ең жас қатысушылары Айару Басқар (С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия) мен Арайлым Мұздыбаева (№5 орта мектеп) «Ең жас дарын»  номинациясымен марапатталды. Қалған сайыскерлерге қатысқандары үшін алғыс хаттар табысталды. Марапаттау рәсімі барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өткізілді.
     Байқауымыздың барлық жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз! Осымен тоқтамаңыздар, тек қана алға дейміз!

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика