"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

22 Сәуір 2021

«Кітап әлемі» тақырыптық калейдоскоп


     Адам шығармашылығының барлық көріністерінің ішіндегі ең таңқаларлығы және назар аударуға тұрарлық – бұл кітаптар. Оларда өткен, қазіргі және болашақ өмір, адамдардың дауыстары айқын естіліп, тағдырлар мен уақыттар араласады. Адамзат жасаған, ойларын өзгерткен, қол жеткізген барлық нәрсе кітап беттерінде шынымен сиқырлы түрде сақталды.
     Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана мен А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапхана қызметкерлері «Балқаш қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігіне барып, «Кітап әлемі» тақырыптық калейдоскобын өткізді. Шараға қатысушылар кітаптың пайда болу тарихы туралы бейнероликті тамашалап, кітап басылымдарының әртүрлі түрлерімен жанды танысты. Кездесу соңында «Кітаптар – бұл ғажайып» символикалық атаумен аппликациялар жасады.
     Барлық балалар белсенді және ізденімпаз болғаны бізді қуантады, өйткені кітаппен кітап оқудың арқасында балалар сұлулыққа сезімтал, позитивті, дос болуды, жақсылыққа таңдануды және зұлымдықты айыптауды үйренеді.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика