12 Ақпан 2021
Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер интернет кеңістігінде ең көп қаралатын ресурстардың бірі. Қолданушылар кітапханалардың қызметі туралы ақпаратты әлеуметтік желілердегі парақтардан неғұрлым жиірек көретін болса, соғұрлым оқырмандардың кітапханаға келуіне үлкен ықпалын тигізе алады. Бірақ ол үшін әлеуметтік желілердегі парақтарды әр түрлі жастағы және әртүрлі қызығушылықтарға арналған түрлі танымдық ақпаратпен, ойын-сауық мазмұнды сапалы материалдармен толтыру қажет. Бұл ақпараттық посттар, бейне және фотоматериалдар, кітаптардың жарнамалары, әртүрлі тик-токтар және т.б. болуы мүмкін, бұл кітапханаларға назар аударудың және оқуды насихаттаудың күшті құралы. Біздің кітапханалардың әлеуметтік желілері дамып келеді, бұл жұмыс пандемия кезінде ерекше өзекті болды. Бүгін нәтижелерді қорытындылай келе, ерекше тәжірибе, жаңа идеялар жинақталғаны туралы айтуға болады. Семинар барысында барлық қызметкерлер осы бағытта өз жұмыстарын таныстырып, Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әр кітапханасының әлеуметтік желілерде жұмысының күшті және әлсіз жақтары талқыланып, оқырмандарды тартудың перспективалық әдістері ұсынылды. Әдіскерлер Қазақстан мен көрші елдер кітапханаларының әлеуметтік желілеріндегі сәтті жұмыс үлгілерін ұсынды.
Осындай тәжірибе алмасу әрбір қызметкердің өзін-өзі тәрбиелеуге, шығармашылық ізденіске және кәсіби деңгейін көтеруге деген ұмтылысын арттырады деп үміттенеміз, әсіресе қазіргі уақытта әріптестермен білім алмасу өте қажет.
Оқу, білім алып, іздену ешқашан да кеш емес, тек талпынған адам ғана табысқа жетеді.