"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

15 Қазан 2020

«Сұлу жырдың сұңқары» онлайн-байқауының қорытындысы


     15 қазан - ХХ ғасырда қазақ халқының мәдени және әдеби өміріне белсене араласып, өнімді еңбек еткен, артына құнды мұра қалдырған, жан-тәнін түгелдей өз халқы мен еліне арнаған үлкен жүректі азамат, ірі мемлекет қайраткері, замана арман-талабын толғаған құдіретті қаламгеріміздің бірі Сәкен Сейфуллиннің дүниеге келген күні.
     С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақиық ақынның туған күніне орай «Сұлу жырдың сұңқары» онлайн-байқауын ұйымдастырды. Ақынның шығармаларын көркем шеберлікпен оқыған қатысушы жастардың бейнероликтері әлеуметтік желілердегі ОКЖ-ның парақшаларында #онлайнбайқау #Сұлужырдыңсұңқары #СәкенСейфуллин #БалқашОКЖ #ЦБСБалхаш хэштэгтерімен жарияланып, тіркелушілеріміздің назарына ұсынылды.
     Биылғы байқаудың ерекшелігі балқаштық жастардан ғана емес, Батыс Қазақстан облысынан да жұмыстар келіп түсті. Бейнероликтерді қазылар мүшелері, құрамында облысымызға белгілі ақын, сазгер, журналист Қ.М.Сәденов, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, талантты ақын Н.М.Кәрім және «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директорының орынбасары Б.К.Мұхаметжанова қарап шығып, әділ бағасын берді. Қазылар мүшелері ең бастысы, байқаудың ережесінде көрсетілген талаптарға сай С.Сейфуллиннің өлеңдерін қатысушылардың мәнерлеп, жатқа айтуларына баса назар аударды.
    Қазылар алқасының шешімі бойынша, жүлделі I-ші дәрежелі дипломмен  Кранов Б., II-ші дәрежелі дипломдармен  Қайыржанов Д. және Емельянова В., III-ші дәрежелі дипломдармен Хабалхан Л., Попова Д., Атығұл Ә. марапатталды. Әбілғазы Ә. - «Мен келем тау ішінде түнделетіп...», Қабдыбек Ә. -  «Сыр сандықты ашып қара», Сәрсенбай Н. - «Әлеуметтік желіде ең көп дауыс жинаған», Мұздыбаева А. - «Көрермендер көзайымы», Советалы А. -  «Үздік бейнеролик», Құрақбаева А. - «Белсене қатысқаны үшін» оминацияларына және басқа қатысушылар  Алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.
     Онлайн-байқаудың қорытындысы Zoom платформасында жарияланды. Келесі күні барлық санитарлық ережелерді сақтай отырып, кітапханаға кезекпен келген қатысушыларға  өз жүлделері табысталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

https://www.youtube.com/watch?v=VRpwiit_OXY&t=242s&ab_channel=%D0%A6%D0%91%D0%A1%D0%B3.%D0%91%D0%B0%D0%BB%D1%85%D0%B0%D1%88

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика