"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

18 Қыркүйек 2020

Саяқ кентіне әдістемелік іс-сапар


     2020 жылғы 9-11 қыркүйегінде кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторының басшысы Сопина Ж.К. мен әдіскер Қасенова Ф.М қаладан пойызбен ғана жетуге болатын 200 шақырым жердегі 2941 тұрғыны бар Саяқ кентінің №6 кітапхана-филиалының кітапханашысы Г.Манарованың кәсіби деңгейін көтеру үшін кеңес беру және әдістемелік, практикалық көмек көрсету мақсатында қызметтік іс-сапар жасады. Кітапхананың құжаттар қоры 11017 дана, оның 5964-і қазақ тілінде.
     Сапар барысында әдіскерлер кітапханашыға кент тұрғындарына кітапханалық қызмет көрсету сапасын жаңарту мен жақсарту бойынша нақты практикалық кеңестер берді. Карантиндік шектеу шаралары кезінде оқырмандармен дұрыс жұмысты ұйымдастыруға, тұрғындардың бос уақытында кітапхананың қызмет көрсету түрлерін кеңейтуге және Instagram әлеуметтік желісіндегі кітапхананың парағын белсенді жүргізуге ерекше назар аударылды. «Қазақстан Ұлы Дала Елі» - «Казахстан - Страна Великой степи», «Туған жер тұғырың» - «Саяк в нашей судьбе», «Балалар әдебиеті» - «Детская литература» кітап көрмелерін безендіру сапасын жақсарту мен қорды дұрыс жинастыру, сонымен бірге кітапханада іс қағаздарды жүргізу, Интернеттен пайдалы ақпараттар іздеу және т.б. шаралар бойынша әдістемелік көмек көрсетілді.
  Жас кітапханашы Г.Манароваға өзін-өзі жетілдіру, кәсіби белсенділік пен білімге деген ұмтылыстың қажеттілігі жөнінде, кенттің оқырмандарымен, қоғамдастығымен диалогты ұйымдастыра білу бойынша, ұйымдар және мекемелермен үнемі қарым-қатынас жасау қажеттілігі туралы ұсыныстар берілді.

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика