"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

03 Сәуір 2020

Тікелей эфирде «Кітап – табысқа апарар дара жол» іскерлік алаңының кезекті кездесуі


           «Вookdating – кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы аясында «Кітап – табысқа апарар дара жол» іскерлік алаңында мәдениет саласының ардагері, кітапхана мамандығына ұзақ жылдар жемісті және шығармашылық еңбек еткен Искакова Роза Ғылымжанқызымен кезекті кездесу ұйымдастырылды.  Себептерге байланысты сұхбат қысқартылған форматта біздің әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтті. Роза Ғылымжанқызы бір кездері таңдап, өмір бойы сүйікті қызметіне айналған мамандығы туралы, кітапхана ол үшін жұмыс орны мен білім қазынасы болғаны, ал көп жағдайда кітапханашы - кішіпейіл, қажетті іс бола тұра жалақысы аз, жиі бағаланбаса да өз істерін жақсы көріп істейтін маман иелері екенін шын жүрегімен әңгімеледі. Кездесу барысында спикеріміз өмір жолының кей жерлерін өзгертуге, ойлануға көмектескен Б.Момышұлының шығармалары,  З.Ахметованың «Шуақты күндер»,  Н.Островскийдің «Как закалялась сталь», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» секілді өзінің сүйікті кітаптарына жан – жақты тоқталды. Кездесу соңында Искакова Р. жақсы кітап әрқашан адамды тәрбиелейтінін, оған жақсы қасиеттерді үйретеді, білім қазынасын береді, қайырымдылыққа, шыдамдылыққа және түсіністікке үйрететінін айта келе, барлығын кітап пен оқуды сүюге шақырды.

https://www.youtube.com/watch?v=lEW2rCTVShM

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика